«Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 тамыздағы № 342-343 (26186) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: Преамбула мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2), 10), 24-1) тармақшаларына, 16-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 2), 10), 24-1) тармақшаларына және 16-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес әзірленді.»; 5, 6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «5. «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес әкімшілік дереккөздер әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды (бұдан әрі - әкімшілік деректердің нысандары), сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін уәкілетті органның ведомствосымен келіседі. Әкімшілік дереккөздер әкімшілік деректердің нысандарын бекіту туралы актінің жобасын уәкілетті органның ведомствосына келісуге жолдау кезінде мыналарды: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|