Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы (2025.12.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен 2011 жылғы 2 тамыздағы № 25-02-01-25/962-И келісілген жаратылыстану - ғылыми және техникалық - экономикалық негіздемелерінің, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен 2013 жылғы 8 қазандағы № 15-02-32/1992-КЛОХ келісілген техникалық - экономикалық негіздемесінің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен 2014 жылғы 11 қарашадағы № 15-03-21/78-КЛХЖМ келісілген техникалық - экономикалық негіздемелерінің негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022.04.10. № 186 Қаулысымен (2022 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.03. № 72 Қаулысымен (2025 ж. 12 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар құрылсын: жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан, Маңғыстау ауданының аумағында жалпы алаңы - 160 086,48 гектар жергілікті маңызы бар Тасорпа мемлекеттік табиғи қаумалы; Қарақия ауданы аумағында жалпы алаңы 68 374,3 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар «Адамтас» мемлекеттік табиғи қаумалы; Бейнеу ауданы аумағында жалпы алаңы 58 922,8 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар «Көлеңкелі» мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы; Бейнеу ауданы аумағында жалпы алаңы 146 790,0 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар «Есет» мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|