Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мынадай бұйрықтарына: 1) «Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 383 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9635 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 132 (2700) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында: 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Жою мерзімі өткеннен кейін ұйғарымның орындалуы ұйғарымда көрсетілген автомобиль жолының километрлеріне қайта тексеру жүргізу жолымен тексеріледі. Қайта тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп беру кезеңінде пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалау барысында анықталған ескертулерді жою туралы ұйғарымның орындалуын тексеру актісі толтырылады. Егер анықталған дефектілер берілген ұйғарымда көрсетілген мерзімдерде жойылмаса, осындай дефектілер тіркелген автомобиль жолы бойынша тәуекелдер дәрежесінің бағасын бір баллға төмендету жүргізіледі және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады.»; 1-қосымшаның 2-бөлімі: мынадай мазмұндағы реттік № 2.13-жолмен толықтырылсын: «
»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|