Денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлау қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2022 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 46-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев 2018 жылғы _______________
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|