«Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау» магистральдық мұнай құбырының күзет аймағы шекарасын белгілеу және жерді пайдалану режимін айқындау туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 236 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2012 жылғы 22 маусымдағы «Магистральдық құбыр туралы» заңдарына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау және «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау» магистральдық мұнай құбырының қауіпсіз пайдалану үшін жағдайлар жасау мақсатында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай-ақ, осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мұнай құбыры осінің әрбір жағынан елу метрден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде мұнай құбыры осінің әрбір жағынан жиырма бес метрден күзет аймағының шекарасы белгіленсін. 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау» магистральдық мұнай құбыры желісінің күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі айқындалсын. 3. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мұнайлы ауданының әкімі құрылыс нормалары мен қағидаларында белгіленген ең аз қашықтық шегінде магистральдық құбырға жатпайтын нысандарды салу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салсын. 4. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|