Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның баласынан бөлек тұратын ата-ананың, аталарының, әжелерінің, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің баламен араласуға байланысты дауларды шешу қағидаларын бекіту туралы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 73 және 73-1-бабтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның баласынан бөлек тұратын ата-ананың, аталарының, әжелерінің, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің баламен араласуға байланысты дауларды шешу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 31 наурыздағы № 53 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|