«Аккредиттеу органдарын тану жөніндегі республикалық аккредиттеу кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 101 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 109 бұйрығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 88 бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Аккредиттеу органдарын тану жөніндегі республикалық аккредиттеу кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 101 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Қ.А. Ерғалиевке жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 109 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 101 бұйрығымен бекітілген
Аккредиттеу органдарын тану бойынша Республикалық аккредиттеу кеңесінің құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|