«Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары»; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 85-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және енгізілетін реттегіш құралдарға және (немесе) талаптарға, реттеуді қатаңдатуға қатысты, сондай-ақ қолданыстағы реттеуші актілер бойынша реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) әзірлеуші орган - нормативтік құқықтық актілердің жобаларын олардың құзыретіне сәйкес әзірлейтін және осы Қағидаларға сәйкес реттеушілік әсерге талдау жүргізуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|