|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары»; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртібін айқындайды. 2. Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, барлық жеке және заңды тұлғалар үшiн меншiк нысандарына қарамастан мiндеттi болып табылады.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|