2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы (2018.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018.22.02. № 251 шешімімен (бұр.рд.қара); 2018.22.05. № 290 шешімімен (бұр.рд.қара); 2018.15.08. № 316 шешімімен (бұр.рд.қара); 2018.09.11. № 343 шешімімен (бұр.рд.қара); 2018.10.12. № 349 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2018 жылға мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 150 382 410,8 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 38 070 147 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 3 763 156,2 мың теңге; трансферттер түсімдері - 108 549 107,6 мың теңге; 2) шығындар - 151 545 295,2 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру - 5 586 496,7 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 10 640 817 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 5 054 320,3 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - - 6 749 381,1 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 6 749 381,1 мың теңге. 2. 2018 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін: 1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласына - 30 пайыз, Байғанинге - 50 пайыз, Мұғалжарға - 50 пайыз, Хромтауға - 60 пайыз және Әйтекеби, Алға, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Шалқар аудандарына 100 пайыздан; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|