|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесінде: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Тұрақты маршруттардағы жолаушылардың жол жүру құны және есептік тариф осы Әдістемеге 1-қосымшаның 2-тарауында және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларының 4-тарауында көзделген тасымалдаушының нақты шығындары оларға тәуелді емес баға факторлары бойынша 10%-дан астам өзгерген кезде, сондай-ақ маршруттың сипаттамаларына (рейс, автобустардың қозғалыс кестесі, маршруттың ұзақтығы, жылжымалы құрамды жаңарту) пайдалану шығыстарының баптары бойынша тасымалдаушының шығындарын ірілендірілген есептеу тәртібімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде түзетіледі. Жолаушылардың тұрақты маршруттарда жол жүру құны және есептік тариф Қағидалардың 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес жылына кемінде бір рет қайта қаралады.»; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|