«Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 107-1402 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 107-1402 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1321 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы»; көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына және 62-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулының 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.»; көрсетілген қаулының 3 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «3. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|