Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 «Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Текелі қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 9-44 шешіміне 1-қосымша
Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|