«Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10069 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 504 бұйрықа қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығымен бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі
1. Ақтөбе – Алматы. 2. Ақтөбе – Атырау. 3. Ақтөбе – Маңғыстау. 4. Алматы – Нұр-Сұлтан. 5. Алматы – Атырау. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|