Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы
Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілсін. 2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 97 шешімімен бекітілген
Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жітіқара ауданының аудандық маңызы бар қаласының, ауылдарының, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) сәйкес әзірленді. 2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар: 1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы; 2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі - жиналыс) - жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|