2) егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өтсе, ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) МСАК маманының медициналық бақылауына жатады. Байланыста болған адамдар үй карантиніне оқшауланбайды, COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмейді. 10 күн өткеннен кейін COVID-19 белгілері болмаған кезде медициналық бақылау аяқталады. Аурудың белгілері пайда болған кезде байланыста болған адам ПТР-тест нәтижелерін алғанға дейін COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексеруге және үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. COVID-19 диагнозы расталған кезде МСАК маманы COVID-19-бен ауыратын науқас туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді. 3. Симптомсыз вирус тасымалдаған кезде (ПТР оң нәтижесі анықталған сәтте клиникалық белгілері жоқ адамдар) пациент амбулаториялық жағдайларда және үйде оқшаулауда (үй карантині) МСАК қызметкерлерінің медициналық бақылауына жатады. Клиникалық симптомдар болмаған кезде ПТР оң нәтиже берген күннен бастап 7 күн ішінде ПТР әдісімен немесе COVID-19-ға зертханалық тестілеу жүргізіледі. ПТР-зерттеудің теріс нәтижесімен үй карантині аяқталады. ПТР-зерттеудің оң нәтижесі кезінде бақылау оқшаулау сәтінен бастап 10 тәулік өткенге дейін жалғасады. 10 тәулік өткеннен кейін ауру белгілері болмаған жағдайда үй карантині аяқталады. Карантин аяқталған кезде МСАК маманы симптомсыз вирус тасымалдаушыға COVID-19 алдын алу шараларын (медициналық масканы, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық) сақтау қажеттілігі туралы ұсыныстар береді. Үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыда аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде МСАК маманы COVID-19-бен ауыратын науқас туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді. Шұғыл хабарламаны қабылдаған Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі осы COVID-19 ауруын тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, оны симптомсыз вирус тасымалдаушылардың есебінен шығарады, сондай-ақ симптомсыз вирус тасымалдаушылық жағдайларының манифестік нысандарға (симптомдары бар жағдайлар) көшуінің жеке статистикасын жүргізеді.».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |