7) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орын, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау; 8) үй-жайларды жинауға, қызметкерлердің қолын өңдеуге арналған дезинфекциялық және жуу құралдарының, тыныс алу органдарының ЖҚҚ-сының азаймайтын (кемінде бір апталық) қоры; 9) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберу; 10) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған сақтауды қамтамасыз етеді. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған. 11) жұмыс күні ішінде персоналдың дене температурасын бақылау, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар персоналды жұмыстан шеттету мақсатында респираторлық аурулар симптомдарының болуына қызметкерлерден сауал алу, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу) белгілері жоқ адамдар үшін оқшаулауды қамтамасыз ету және жедел жәрдемді дереу шақыру; 12) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындау, келушілердің қозғалыс ағындарын бөлу, температураны өлшеу, персоналға нұсқама жүргізу, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру; 13) санитариялық нормалар мен қауіпсіздік талаптары туралы көрермендерді хабардар ету.
4 -тарау. Жабық алаңдарда мәдени-ойын-сауық және бизнес іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
33. Кіру билеттерін сату кассалар арқылы сатуды жоққа шығармай, онлайн жүзеге асыру ұсынылады. 34. Кіру, шығу және алаң ішіндегі адамдардың қозғалысы қауіпсіз әлеуметтік қашықтықтағы қиылыспайтын ағындармен ұйымдастырылады (залдың бір жағынан - кіру, екінші жағынан - шығу және т.б.). 35. Еденде тиісті белгілер, сондай-ақ ағындарды бағыттау және әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін қоршаулар мен ленталардан жасалған жолақшалар жасалады. 36. Сырттағы қызметкерлер залдардың немесе алаңдардың алдында 50 адамға 1 қызметкер есебінен қауіпсіз қашықтықтағы кезекті үйлестіреді. 37. Әрбір келушінің дене температурасын өлшеу жүргізіледі, алаңдарда температурасы жоғары келушілер жіберілмейді. 38. Алаң әкімшілігі мыналарды: 1) іс-шаралар/экскурсиялардың уақытын қатаң сақтауды; 2) персоналдың алаңда маскамен болуын; 3) көрермендерге үнемі маска кию қажеттілігі туралы ескертуді; 4) концерт залына кіру және шығу жауапты адамдардың бақылауымен; 5) сеанстар арасындағы залдарға дезинфекция жүргізуге 30 минуттан кем емес үзіліс (таяныштарды, есік тұтқаларын, кресло шынтақшаларын сүрту), кейіннен 15 минутқа желдетуді; 6) жұмыс күні ішінде қызметкерлердің температурасын бақылау және жоғары температуралы және инфекциялық ауру белгілері бар адамдардың жұмыс орнында болуына жол бермеуді; 7) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер); 8) кондиционерлерді тазалауды; 9) холлдарда, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберістерде тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды қамтамасыз етеді. 39. Алаңның үздіксіз және жүйелі жұмысы үшін: 1) кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін касса жанындағы аймақтарда және кезектер пайда болатын басқа жерлерде (санитариялық тораптар, гардероб, келушілерді тіркеу, бақылау және билеттер беру пункттері және т. б.) едендік белгілер орнатылады; 2) келушілерді ақпараттандыру мақсатында алаңға кіреберісте алаң бойынша жүріп-тұру схемасы әзірленеді және орналастырылады; 3) объектінің аумағында сілтеуіш, ескертетін көрсеткіштер орнатылады (үш тілде); 4) келушілер (көрермендер) үшін алаңда болу бойынша арнайы ұсынымдар (жадынамалар) әзірленеді; 5) кезекте адамдар жиналған жағдайда ыңғайлы және қауіпсіз күту аймақтары құрылады. Келушілерге (көрермендерге) қойылатын талаптар 40. Күту аймағында: 1) кіреберісте келуші алаңда болу қағидаларымен және ақпараттық стендтерде орнатылған жүріп-тұру бағдарымен танысады; 2) отыратын орындар қашықтық сақтала отырып, орналастырылады; 3) күту аймағына келушілер 15-30 адамнан тұратын топтармен кіреді (алаңның ауданына байланысты: 100 шаршы метрге дейін - 15 адам, одан жоғары - 30 адам); 41. Алдыңғы кіреберістен кіру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) келуші/көрермен кіреберісте билетті ұсына отырып, объектінің ішіне өтеді және санитариялық шараларды сақтай отырып (антисептик, қашықтықты сақтау - 2 метр, медициналық масканің болуы) күзет тексеруінен өтеді; 2) келушіде медициналық масканың болмауы анықталған жағдайда, сол жерде таратуды қамтамасыз ету қажет; 42. Зал аймағында: 1) келушілер (көрермендер) залға кіреберісте көрсетілген бағыт бойынша бір-бірінен екі метр қашықтықты сақтай отырып өтеді; 2) залдың периметрі бойынша қауіпсіздік шаралары бар ақпараттық стендтер және залға кіреберісте антисептикалық құралдар орналасқан. 43. Залдардан шығу мынадай тәртіпте жүзеге асырылады: 1) келушілер көрсетілген бағыттар бойынша залдан 2 метр қашықтықта қауіпсіздік шараларын сақтай отырып шығады; 2) ұйымдастырушылардың немесе еріктілердің сүйемелдеуімен схемаға сәйкес залдан шығу. 5- тарау. Ашық ауада көпшілік-ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
44. Қызметтерді сату орындарында, сондай-ақ қол жеткізуді бақылау орындарында адамдардың жиналуын болдырмау мақсатында мынадай шарттар қамтамасыз етіледі: 1) кіру билеттерін сату кассалар арқылы сатуды жоққа шығармай, онлайн жүзеге асыру ұсынылады. 2) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, турникеттер бойынша кезекті бөле отырып, жеңілдетілген схема бойынша кіру билеттерін бақылауды ұйымдастыру жүйесін қамтамасыз ету. 45. Қызмет көрсету персоналы маскамен болуы қажет. 46. Объектінің әкімшілігі мыналарды қамтамасыз етеді: 1) объекті мен іс-шараның сипатына байланысты кіру, шығу және алаң ішінде қауіпсіз әлеуметтік қашықтықта қиылыспайтын ағындармен маска киген қонақтардың қозғалысын ұйымдастыру (залдың бір жағынан-кіру, екінші жағынан-шығу және т.б.). 2) қызмет көрсетуші персоналдың температурасын аралық бақылау; 3) вирулицидтік әсер ететін дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, персоналдың жұмыс орындарын және қонақтардың болатын орындарын дезинфекциялау; 4) ағындарды бағыттау және әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін едендегі белгі, сондай-ақ қоршаулардан және тосқауыл ленталарынан жасалған жолақшалар; 5) объектінің аумағында тері антисептикалық құралы бар дозаторларды орнату (алаңға (сахнаға) кіретін (шығатын) және гримерлік, санитариялық тораптарда, құралдарды беру аймақтарында); 6) көрермендер мен қонақтардың қашықтығын бақылау үшін белгі қою; 7) персоналға нұсқама беруге, қонақтардың қозғалыс ағынын бөлуге, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалауға, нұсқама жүргізу журналын жүргізуге, маскаларды, респираторларды, сулықтарды жинауға, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеуге, үй-жайларды жинау сапасына, температураны өлшеуге, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыруға жауапты адамды тағайындау; 8) іс-шараны ұйымдастырушымен келісе отырып қашықтықты сақтай отырып, қонақтарды отырғызу немесе кеңістікке байланысты визуалды аймаққа орналастыру жоспарын бекіту; 9) алаң қызметкерлері бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптармен, сондай- қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерімен; 10) әрбір келуші мен қызмет көрсетуші персоналдың дене температурасын байланыссыз өлшеу және жоғары температура және ЖРВИ белгілері болған жағдайда оның алаңға кіруін шектеу; 11) іс-шараны ұйымдастыруға тартылған персоналға бэйдждер беру, іс-шараны ұйымдастыруға тартылған персоналды бақылау және объектіге қатаң түрде маскамен жіберуді жүзеге асыру; 12) көрермендерді санитариялық нормалар мен қауіпсіздік талаптары туралы ақпараттандыру. 47. Келушілерге алаңның әкімшілікке тиесілі қандай да бір құралдарды беру дезинфекциялау жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылған жағдайда жүзеге асырылады (жеке қорғаныш қаптамасына буып-түю, өздігінен өңдеу үшін дезинфекциялау сулықтарын беру және басқалар). 48. Арнайы бөлінген тамақтану бөлмесінен басқа жұмыс орындарында тамақ ішуге жол берілмейді. 49. Қызметкерлер, күзетшілер, еріктілер кіреберісті қауіпсіз қашықтықта үйлестіреді және кіреберістің алдында көшеде, үй-жайлар ішінде маскада болады. 50. Залдан (алаңнан) шығу жауапты адамдар (еріктілер) көмегімен қатар-қатармен жүзеге асырылады. 51. Залдарға қонақтар саны тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша жіберіледі. 52. 1000-нан астам қатысушымен іс-шараны өткізу кезінде іс-шараны өткізу аумағында медициналық пункттің жұмысы немесе жедел жәрдем бригадасының кезекшілігі ұйымдастырылады. 53. Алаңның үздіксіз және жүйелі жұмысы үшін: 1) кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін касса жанындағы аймақтарда және кезектер пайда болатын басқа жерлерде (санитариялық тораптар, гардероб, келушілерді тіркеу, бақылау және билеттер беру пункттері және т. б.) едендік белгілер орнатылады; 2) келушілерді ақпараттандыру мақсатында алаңға кіреберістегі алаң бойынша өту схемасы әзірленеді және орналастырылады; 3) объектінің аумағында көрсеткіштер, ескертетін белгілер орнатылады (үш тілде); 4) келушілер/көрермендер үшін алаңда болу бойынша арнайы ұсынымдар (жадынамалар) әзірленеді; 5) кезекте адамдар жиналған жағдайда ыңғайлы және қауіпсіз күту аймақтары жасалады. Келушілерге (көрермендерге) қойылатын талаптар 54. Күту аймағында: 1) кіреберісте келуші алаңда болу қағидаларымен және ақпараттық стендтерде орнатылған жүріп-тұру бағдарымен танысады; 2) отыратын орындар қашықтық сақтала отырып, орналастырылады; 3) күту аймағына келушілер 15-30 адамнан тұратын топтармен кіреді (алаңның ауданына байланысты: 100 шаршы метрге дейін - 15 адам, одан жоғары - 30 адам); 55. Объектіге кіру негізгі кіреберістен жүзеге асырылады. 56. Келуші кіреберісте билетін ұсына отырып объектінің ішіне кіреді және санитариялық шараларды (антисептик, 2 метр қашықтықты сақтау, медициналық масканың болуы) сақтай отырып, күзет тексеруінен өтеді; Келушінің медициналық немесе мата маскасы болмаған жағдайда, ол сол жерде таратылуы мүмкін. 57. Іс-шара аймағында: 1) келушілер (көрермендер) залға кіреберісте көрсетілген бағыт бойынша бір-бірінен екі метр қашықтықты сақтай отырып өтеді; 2) залдың периметрі бойынша қауіпсіздік шаралары бар ақпараттық стендтер және залға кіреберісте антисептикалық құралдар орналасқан. 58. Залдардан шығу келесі тәртіппен жүзеге асырылады: 1) келушілер көрсетілген бағыттар бойынша залдан 2 метр қашықтықпен қауіпсіздік шараларын сақтай отырып шығады; 2) залдан шығу ұйымдастырушылардың немесе еріктілердің сүйемелдеуімен схемаға сәйкес.
6-тарау. Мемлекеттік музейлердің жұмысына арналған талаптар
59. Музейдің ашылуы алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі тазалау жүргізіледі (оның ішінде экспозициялық витриналардың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен тазалау және өңдеу). 60. Қызметкерлер мен келушілердің дене температурасын бақылау дене температурасын байланыссыз немесе байланысатын тәсілмен өлшеуге арналған бұйымдарды қолдана отырып жүргізіледі 61. Кіру билеттерін сату кассалар арқылы сатуды жоққа шығармай, онлайн жүзеге асырылады. 62. Алаңның үздіксіз және жүйелі жұмыс жасауы үшін: 1) касса жанындағы аймақтарда және кезектер пайда болатын басқа да орындарда (санитариялық тораптар, киім ілетін орын, келушілерді тіркеу, бақылау және билеттер беру пункттері және т. б.) кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ әрбір музей экспонатының алдында едендік белгілер орнатылады; 2) келушілерді хабардар ету мақсатында алаңға кіреберісте музейде жүріп-тұру схемасы әзірленеді және орналастырылады; 3) жүріп-тұру жолында көрсеткіштер, ескертетін белгілер (үш тілде) орнатылады; 4) келушілер/көрермендер үшін музей ішінде жүріп-тұру және қорды пайдалану бойынша арнайы ұсынымдар (жадынамалар) әзірленеді; 5) адамдар кезекте жинақталған жағдайда ыңғайлы және қауіпсіз күту аймақтары жасалады. 63. Келушілермен толтырылу келушілер аймағындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігінің есебінен жүзеге асырылады (5 шаршы метрге 1 адам). 64. Музейге келушілерді кіргізу маска болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. 65. Музейдің персоналы қорғаныш құралдарымен (маскалар, қорғаныш экрандары) қамтамасыз етіледі, персоналдың қорғаныш құралдарынсыз жұмыс істеуіне жол берілмейді. 66. Қызметкерлер, сондай-ақ музейге келушілер респираторлық инфекцияның кез келген белгілері бар болса (температурасының көтерілуі, жөтел, тамағының ауыруы, тыныс алудың қиындауы) жұмысқа жіберілмейді. 67. Музейдің қызметкерлері келушілермен, қызметкерлермен масканы міндетті түрде киюін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақтауын бақылайды. 68. Музейдің әкімшілігі: 1) залға кіру және шығу кезінде және оның ішінде қауіпсіз әлеуметтік қашықтық бар қиылыспайтын ағындармен адамдардың қозғалысын ұйымдастыруды (экспозициялық залдың бір жағынан - кіру, екінші жағынан – шығу), сондай-ақ келушілерді бөлу бойынша персоналды үйлестіруді; 2) өндірістік бақылау журналына тіркей отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін; 3) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды жинау, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау) сақталуына жауапты адамды тағайындауды; 4) кіреберісте және залдарда, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды; 5) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізуді; 6) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер); 7) халыққа маскамен қызмет көрсетуді; 8) техникалық персоналдың (тазалаушылар) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуін; 9) жинау мүкәммалын пайдаланғаннан кейін (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақталуын; 10) жұмыс орындарын және келушілерге арналған бөлмелерді әрбір 2 сағат сайын желдетуді; 11) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізуді; 12) үй-жайларды жинауға, қызметкерлердің қолдарын өңдеуге арналған дезинфекциялық және жуу құралдарының, тыныс алу органдарының ЖҚҚ-сының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорын; 13) дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды жіберуді; 14) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған сақтауды қамтамасыз етеді. Дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі әрбір нақты дезинфекциялық құрал үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған. Келушілерге қойылатын талаптар 69. Күту аймағында: 1) кіреберісте келуші музейде болу ережелерімен және ақпараттық стендтерде орнатылған экскурсия бағдарымен танысады; 2) отыратын орындар қашықтықты сақтай отырып орналастырылады; 3) күту аймағына келушілер 15-30 адамнан тұратын топтармен кіреді (музейдің экспозициялық залдарының ауданына байланысты: 100 шаршы метрге дейін - 15 адам, одан астам - 30 адам) . 70. Объектіге кіру негізгі кіреберістен жүзеге асырылады. 71. Келуші кіреберісте билетін ұсына отырып объектінің ішіне кіреді және санитариялық шараларды (антисептик, 2 метр қашықтықты сақтау, медициналық масканың болуы) сақтай отырып, күзет тексеруінен өтеді. 9. Келушінің медициналық немесе мата маскасы болмаған жағдайда, ол сол жерде таратылуы мүмкін. 72. Залдардың аймағында: 1) келушілер бір-бірінен екі метр қашықтықты сақтай отырып, кіреберісте көрсетілген бағдар бойынша залды қарайды; 2) залдың периметрі бойынша қауіпсіздік шаралары бар ақпараттық стендтер және залға кіреберісте антисептикалық құралдар орналасқан.
7-тарау. Мемлекеттік кітапханалардың қызметіне қойылатын талаптар
73. Кітапхананың ашылуы алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, толық тазалау жұмыстары (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың беттерін дезинфекциялау құралдарымен тазалау және өңдеу) жүргізіледі. 74. Қызметкерлер мен келушілердің дене температурасын бақылау жанасатын немесе жанаспайтын тәсілмен жүргізіледі. 75. Кітапхана әкімшілігі келушілердің оқу залдарында бір мезгілде объектінің жобалық қуатының 50%-ға дейін болуын қамтамасыз етеді, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр және орындықтар арасында 60 сантиметр болуы тиіс. Оқырмандарды кітапханаға жіберу маска болған жағдайда ғана жүзеге асырылады 76. Кітапхана пероналы қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар, қорғану экрандар) қамтамасыз етіледі, болмаған жағдайда жұмыс істеуіне жол берілмейді. 77. Респираторлық инфекцияның кез келген белгілері бар қызметкерлер жұмысқа, сондай-ақ оқырмандар кітапханаға (қызуы жоғары, жөтел, тамақ ауруы, тыныс алудың қиындауы) жіберілмейді. 78. Кітапхана қызметкерлері келушілердің, қызметкерлердің міндетті түрде маска киіп жүруін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қадағалайды. 79. Кітапхананың үздіксіз және жүйелі жұмысы үшін: 1) адамдар көп жиналатын орындарда кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін еденде тиісті белгілер орнатылады (киім ілетін орын, оқырмандарды тіркеу, оқу залдарында әдебиеттерді бақылау және беру орны, ксерокөшірме); 2) оқырмандар үшін кемінде 2 метр белгілерді орнату арқылы белсенді аймақтар біркелкі бөлінеді; 3) оқу залдарында оқырмандарды қауіпсіз әлеуметтік қашықтықта отырғызу үшін тиісті белгілер орнатылады және үстелдер арасындағы алшақтық кемінде 2 метрге ұлғайтылады. 80. Кітапхана әкімшілігі мыналарды қамтамасыз етеді: 1) қауіпсіз әлеуметтік қашықтықпен қиылыспайтын ағынмен кіру мен шығу кезінде және ғимарат ішінде адамдардың қозғалыс схемасын ұйымдастыру (оқу залының бір жағынан – кіру, екінші жағынан – шығу); 2) өндірістік бақылау журналына тіркеу арқылы профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі; 3) үй-жайларды сағат сайын желдету; 4) жалпы пайдалану үшін орнатылған компьютерлердің оқу үстелдерін, клавиатуралары мен компьютерлік тінтуірлерін және жиһаздарды әр келушіден кейін құрамында спирті бар тазалау құралдарымен сүрту; 5) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындау (дене температурасын өлшеу, қызметкерлерге нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды жинау, құрал-жабдықтарды өңдеу, үй-жайларды тазалау); 6) кіреберісте, оқу залдарының холдарында, дәліздерде, лифтінің, санитариялық тораптардың кіреберістерінде антисептигі бар санитайзерлерді орнату; 7) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу; 8) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдары (сұйық сабын, антисептиктер); 9) халыққа маскамен қызмет көрсету; 10) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуі; 11) жинау мүкәммалын пайдаланғаннан кейін (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақтау; 12) әрбір 2 сағат сайын жұмыс орындарын және келушілерге арналған үй-жайларды желдету; 13) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, қолданыланатын заттардың беттерін (құрал-жабдықтарды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, ас ішу, демалыс бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялап, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялаумен ылғалды тазалау жүргізу; 14) үй-жайларды жинауға, қызметкерлердің қолдарын өңдеуге арналған дезинфекциялық және жуу құралдарының, тыныс алу органдарының ЖҚҚ азайтылмайтын (кемінде бес күн) қоры; 15) дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды жіберу; 16) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйде сақтау. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда көрсетілген. 17) кітапхана бойынша жүріп-тұру және қорды пайдалану бойынша оқырмандарға арналған арнайы ұсынымдар (жадынамалар) әзірлеу. 81. Кітапханаларға қойылатын қосымша талаптар: 1) кітапхана басылымдары үшін жеке карантиндік үй-жай бөлу; 2) кітапханаға келіп түсетін барлық басылымдар үшін қорларды жинақтау үшін және оқырмандарға уақытша пайдалануға берілген кітапхана басылымдары үшін міндетті карантин режимін белгілеу; 3) кітап беру және қабылдау үшін оқу залдарында жеке аймақтарды ұйымдастыру.
Келушілерге қойылатын талаптар 82. Күту аймағында: 1) кіреберісте келуші кітапханада болу ережелерімен және ақпараттық стендтерде орналастырлған қозғалу бағдарымен танысады; 2) отырғызу орындары қашықтықты сақтай отырып орналастырылады; 3) күту аймағына келушілер 15-30 адамнан тұратын топтармен кіреді (кітапхана залдарының ауданына байланысты: 100 шаршы метрге дейін - 15 адам, одан астам - 30 адам); 83. Объектіге кіру негізгі кіреберістен жүзеге асырылады. 84. Келуші кіреберісте билетін ұсына отырып объектінің ішіне кіреді және санитариялық шараларды (антисептик, 2 метр қашықтықты сақтау, медициналық масканың болуы) сақтай отырып, күзет тексеруінен өтеді; 1) Келушінің медициналық немесе мата маскасы болмаған жағдайда, ол сол жерде таратылуы мүмкін. 85. Залдардың аймағында: 1) келушілер бір-бірінен екі метр қашықтықты сақтай отырып, кіреберісте көрсетілген қозғалыс бағдары бойынша оқу залына кіреді; 2) залдың периметрі бойынша қауіпсіздік шаралары бар ақпараттық стендтер және залға кіреберісте антисептикалық құралдар орналастырылады. 86. Залдардан шығу келесі тәртіпте жүзеге асырылады: 1) келушілер көрсетілген қозғалыс бағдары бойынша 2 метр қашықтық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып залдан шығады; 2) залдан шығу сызбаға сәйкес.
8-тарау. Музей-қорықтардың жұмысына қойылатын талаптар
87. Кіру билеттерін сату кассалар арқылы сатуды жоққа шығармай, онлайн жүзеге асырылады. 88. Әрбір объектіде бір станциялық тепловизорды орналастыру міндетті (бір аумақта бірнеше объектілер жақын орналасқан жағдайда, бір тепловизорды орнатуға жол беріледі). 89. Келушілер музей-қорықтың аумағында маскамен жүреді. 90. Объектілерді санитариялық нормаларға сәйкес дайындау түскі үзілісте және келушілерді қабылдағаннан кейін жүргізіледі. 91. Музейлердің үзіліссіз және жүйелі жұмыс істеуі үшін: 1) қолжетімді орындарда, санитариялық тораптарда санитайзерлер орнатылады; 2) адамдар көп жиналатын аймақтарда (санузелдер, киім ілетін орындар, келушілерді тіркеу, бақылау және билеттер беру пункттері және т. б.) кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін, сондай-ақ әрбір музей экспонатының алдында еденге тиісті таңбалар орнатылады; 3) келушілерді хабардар ету мақсатында музейге кіреберісте жүріп-тұру схемасы әзірленеді және орналастырылады; 4) бағдар жолында көрсеткіштер, ескертетін белгілер орнатылады (үш тілде); 6) келушілер үшін музей бойынша жүріп-тұру және қорды пайдалану жөнінде арнайы ұсынымдар (жадынамалар) әзірленеді; 7) кезекте адамдар жиналған жағдайда ыңғайлы және қауіпсіз күту аймақтары құрылады. 92. Музей-қорық пен оған іргелес орналасқан объектілер орналасу реттеріне қарай шартты түрде бес аумаққа бөлінеді: 1) келу аймағы – автокөлік тұрағы, санитариялық аумақ, сауда нүктелері мен касса (музей сыртында орналасқан кассалар). Автотұрақта қашықтық сақталуға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |