Механикалық діріл Теміржол көлік құралдарының жолаушылары мен экипажы сезетін дірілді өлшеу және талдау
ҚР СТ ИСО 10056-2007
ISO 10056:2001 Vibrations mecaniques - Mesurage et analyse des vibrations globales du corps auxquelles sont exposes les passagers et le personnel de bord dans les vehicules ferroviaires (IDT)
Мазмұны
3. Белгілеулер мен қысқартулар 4. Темір жол көлігіндегі дірілдің сипаттамасы А қосымшасы. Сынақ хаттамасының мысалы
Осы стандарт дала сынағын жүргізу барысында теміржол көлігінің дірілін өлшеу және талдау әдісін анықтайды. Стандартта адам денесіне толық берілетін 0,5 Гц-тен 80 Гц-қа дейінгі жиілік аралығындағы периодтық, кездейсоқ және қысқа уақыттағы діріл қарастырылады. Осы мемлекеттік стандарт адамдардың тек отырған және түрегеліп тұрған қалпында ғана қарастырады. Осы стандарт қол жүйесіне, кинетосизм (қозғалыс ауруы) салдары болуы мүмкін төменгі жиіліктегі көлденең, тік немесе айналма қозғалыстарға қолданылмайды. Осы мемлекеттік стандарт [1] мен [2] стандартында қарастырылатын діріл салдарын бағалау әдістерін ұсынбайды.
Осы стандартта келесі стандарттарға сілтемелер қолданылды: ҚР СТ 1.9-2003 Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар мен нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі. ҚР СТ ИСО 10326-2:2007 Механикалық діріл. Көлік құралдарындағы орындықтардың дірілін бағалаудың зертханалық әдісі. 2 бөлім: Әдісті теміржол көлік құралдарында қолдану**. ГОСТ 24346-80 Діріл. Терминдер және анықтамалар. ГОСТ ИСО 8002-1986 Механикалық діріл. Жер бетімен қозғалатын көліктер. Берілген өлшеулерді ұсыну әдісі*. ГОСТ Р ИСО 5348-99 Механикалық діріл және соққы. Акселерометрлерді механикалық түрде бекіту*.
___________________________ * СТ РК 1.9 сәйкес қолданылсын. ** стандарт әзірлену үстінде
3. Белгілеулер мен қысқартулар
3.1. Осы стандартта тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылды:
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|