«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында: 52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «52. «Пирамида» есебі нәтижелері бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерде салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚҚС-тың асып кету сомасының анықтығын растау талапта және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген, салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тиесілі ҚҚС асып кету сомасына азайтылған сомалар шегінде мынадай: 1) өнім берушінің ҚҚС бойынша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтер және (немесе) өнім беруші электрондық шот-фактуралар (бұдан әрі - ЭШФ) АЖ-да жазып берген шот-фактуралар бойынша мәліметтер арасындағы салыстыру кезінде анықталған өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша ҚҚС сомасын төмендету; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|