Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларын бекіту туралы
«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 5-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 112 мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2025 жылғы 26 наурыздағы № 135-н/қ бекітілген
Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|