Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы» 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 94 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы» 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 94 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4103 болып тiркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы»; көрсетілген қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағы 7) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»; көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулының 1, 3 қосымшалары алынып тасталсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн. 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 29 сәуірдегі № 82 қаулысына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|