«Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 492 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесінде: 5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының тиісті қаржы жылына арналған лимитін айқындау үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жергілікті атқарушы органдар борышының жоспарланатын кезеңнің басындағы жай-күйі туралы деректері пайдаланылады. 6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу түрінде жүзеге асырылған жағдайларда борыш лимиті жоспарланатын қаржы жылында қарыз алуды және қаражат көлемі ескеріле отырып қалыптастырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|