|
|
|
16.11.2023 Сот отырысының хатшысы -сот жүйесінің маңызды бөлігі
Судьялардың қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөлді сот отырысының хатшысы атқарады. Сот отырысының хатшысы лауазымына жоғары заң білімі бар не мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақтылы лауазымның тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар болған жағдайда заң мамандығы бойынша арнаулы-орта білімі бар адам тағайындалады, сондай-ақ олар кеңсе басшысы мен кеңсе меңгерушісіне бағынады және оларға есеп береді. Сот отырысының хатшысы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы сот кеңселері туралы ережені және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. Сот отырысы хатшыларының жұмысы сырт көзге қарапайым әрі оңай болып көрінуі мүмкін. Бір қарағанда, сот отырысының хатшылары тараптардың жауаптарын қағазға түсіріп, хаттама жазып, іс құжаттарын реттеп отыратын жәй ғана маман сияқты. Алайда, сотта қаралатын кез келген істің өзіндік қиындықтары мен қатар істі өндіріске дайындау сатылары болады. Сот отырысы хатшысының жұмысы күрделі, көп салалы, сөйте тұра қызықты да. Бұрын құжат айналымы, хаттамаларды толтыру қолмен рәсімделіп, кейіннен жазу машинкасында терілетін болса, бүгінде бұл жұмыста ілгерілеу бар, қазір сот отырысының барысы аудио-, бейнежазба арқылы жазылып дайындалады. Барлық сот процесстеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмайды. Судьяның уақытты тиімді пайдаланып, өнімді жұмыс жасауы сот хатшысының біліктілігіне, іскерлігіне тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлерге сияқты сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады. Соттың іс жүргізуге қатысты ішкі тәртіптері де ішінара өзгеріп отырады. Десек те, сот отырысының хатшылары өз міндеттеріне асқан жауапкершілікпен қарауы қажет. Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін дербес жауап береді. Дұрыс емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді сот отырысының хаттамасына қасақана енгізген жағдайда хатшы заңда көзделгендей жауапты болады.
Қарағанды облысының МАЭС басмаман- сот отырысының хатшысы А.Б. Сабетова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |