Қазақстан Республикасы теміржол көлігінің нысандары Жіктеу
ҚР СТ 1680-2007
Мазмұны
3 Теміржол көлігінің нысандары А қосымшасы. Магистральды теміржол желісіне кіретін темір жолдар тізімдемесі
Осы стандарт Қазақстан Республикасы теміржол көлігінің нысандарына қатысты, олардың жіктелуін жəне халықаралық талаптарға сəйкес кодтау қағидаттарын белгілейді. Стандарт ақпарат алмасуға қатысатын жəне Қазақстан Республикасының теміржол көлігі нысандарын басқаратын барлық теміржол кəсіпорындары қолдануға арналған.
Осы стандартта тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады: 2.1 Теміржол жолдары: Үстімен жылжымалы құрылым жүретін қозғалмайтын мүлік нысандары (тар жəне кең жолтабанды магистральды, стансалық, кіріс жолдар). 2.2 Теміржол көлігі: Теміржолмен тасымалдауды қамтамасыз ететін көлік түрі. 2.3 Теміржол стансасы: Магистральды жолдарды учаскелерге бөлетін, жолдардың ары қарай жалғасы бар, қозғалысты жəне өткізу қабілетін реттеуді қамтамасыз ететін жəне пойыздарды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу операцияларын, жолаушыларға қызмет көрсету, багаж қабылдау жəне оны беру, жүк багажы, пошта жіберілімдері жəне (немесе) жүктерге қызмет көрсету бойынша операцияларды атқаруға мүмкіндік беретін пункт; 2.4 Магистральды теміржол желісі: Құрамына магистральды жəне станса жолдары, сонымен қатар электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілері, құрылғылар, жабдықтар, ғимараттар, құрылыстар мен қызметіне қатысты технологиялық қажетті басқа да нысандар енген магистральды теміржол инфрақұрылымы. 2.5 Кіріс жолдар: Жүк жөнелтушілерге, жүкті қабылдап алушыларға қызмет көрсетуге арналған жəне станса жолдарына жанасатын теміржол жолдары. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|