|
ҚР СТ 3469-2019
Ауа сапасы Өндірістік шаңдағы кремний аморфты диоксидін фотометриялық әдіспен анықтау
Мазмұны
4. Өлшеу құралдары, қосалқы құрылғылар, реактивтер, материалдар
Осы стандарт өндірістік шаңдағы кремний аморфты диоксидін анықтаудың фотометриялық әдісін белгілейді.
Осы стандартты қолдану үшін стандарттау жөніндегі мынадай құжаттар қажет: ГОСТ 1770-74 Зертханалық шыны өлшеуіш ыдыс. Цилиндрлер, өлшеуірлер, сынауықтар, құтылар. Жалпы техникалық шарттар ГОСТ 3765-78 Реактивтер. Молибден қышқылды аммоний. Техникалық шарттар ГОСТ 4204-77 Реактивтер. Күкірт қышқылы. Техникалық шарттар ГОСТ 4328-77 Реактивтер. Натрий гидрототығы. Техникалық шарттар ГОСТ 5817-77 Реактивтер. Шарап қышқылы. Техникалық шарттар
Ескертпе - Осы стандартты пайдалану кезінде ағымдағы жылғы жағдай бойынша жыл сайын шығарылатын «Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар» ақпараттық көрсеткіші және ағымдағы жылы жарияланған ай сайын шығарылатын ақпараттық көрсеткіштер бойынша сілтемелік стандарттардың қолдану күшін тексеру орынды. Егер сілтемелік құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда осы стандартты пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат ауыстырусыз жойылған болса, онда оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады.
Әдіс қайнату кезінде аморфты кремний диоксидін күйдіргіш сілтіде ерітуге және кремнийді көк кремнемолибдендік кешен бойынша анықтауға негізделген. Сынамаларды алу АФА-ВП сүзгілеріне шоғырландыра отырып жүргізіледі. Сынаманың талданатын көлеміндегі төменгі шегі - 2 мкг. Ауадағы төменгі өлшем шегі - 0,5 мг/м3 (100 л ауаны алу кезінде). Өлшенетін концентрация ауқымы 0,5-15 мг/м3, Өлшеудің жиынтық қателігінің шегі ± 20%-дан аспайды. Кремнийдің кристалды диоксиді өлшеуге кедергі келтірмейді, тез еритін силикаттар мен элементті кремний кедергі келтіреді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|