Мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 шешіміне (2018 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8166 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 213 459 821,5 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсімдер бойынша - 4 878 166,3 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 1 161 116,4 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 7 130,0 мың теңге; трансферттер түсімі бойынша - 207 413 408,8 мың теңге; 2) шығындар - 213 678 451,7 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 3 383 683,6 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттік кредиттер - 10 512 466,0 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу - 7 128 782,4 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 2 000 000,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 5 602 313,8 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 5 602 313,8 мың теңге.»; 3-тармақта «Таран ауданына» сөздері «Бейімбет Майлин ауданына» деген сөздерімен ауыстырылсын; 11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «2019 жылғы 31 желтоқсанға Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының борыш лимиті 52 863 853,7 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|