|
|
|
Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығымен бекітілген Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларының 12-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлерде меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында: 1) әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға қойылатын талаптар алынып тасталып; 2) күн сайынғы «кіру» сүзгісіне (жанаспайтын термометрмен термометрия) қойылатын талаптар алынып тасталсын. «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрия жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін. 2. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңір «қызыл» аймаққа ауысқан кезде меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және күн сайынғы «кіру» сүзгісін (жанаспайтын термометрмен термометрия) жүргізу қамтамасыз етіледі. 3. Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының осы қаулыға қайшы келмейтін бөлігіндегі талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |