Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртібі туралы
Осы редакция 2017 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiн (Салық кодексi) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінiң 20.11.2001 № 1494 қаулысымен. 1. Iзгiлiк көмегi ретiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына шетелден тауарлар әкелу тәртібі туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн. 2. Шетелдiк iзгiлiк көмегiн алуға және пайдалануға байланысты мәселелердi жедел шешу үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Халықаралық iзгiлiк көмегi мәселелерi жөніндегі комиссия құрылсын. 3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі iзгiлiк көмегi мәселелерi бойынша келген шетел азаматтарына виза берудi белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясы iзгiлiк көмектiң түсуi мен бөлiну барысы туралы жұртшылыққа үнемi хабарлап тұрсын. ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 20.11.2001 № 1494 қаулысымен. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп екi ай мерзiм iшiнде Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия мен оның құрамы туралы ереженiң жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің қарауына енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 тамыздағы № 1090 қаулысымен Бекiтiлген Iзгiлiк көмегi ретiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына шетелден тауарлар әкелу тәртібі туралы ЕРЕЖЕ Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|