Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілеп отырған Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін. 2. «Қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 85 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14927 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Қаржы нарықтары және өзге салалар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 12 бұйрығымен бекітілген
Қаржы қызметтері нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|