«Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен мекемелерінде тіркелген алмалы ақпарат тасымалдауыштармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Прокуратура органдары мен мекемелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен мекемелерінде тіркелген алмалы ақпарат тасымалдауыштармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың көшірмесі жұмыста пайдалану және жеке құрамға жеткізу үшін Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, Астана, Алматы қ.қ. және облыс прокурорларына, Бас әскери прокурорға, Бас көлік прокурорына жіберілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің директорына жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бас Прокурорының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 27 бұйрығымен бекітілген
1. Осы Тіркелген алмалы ақпарат тасымалдауыштармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) мәліметтердің құпиялылығын сақтау мақсатында, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен мекемелерінде (бұдан әрі - прокуратура органдары) қолданылатын деректерді өңдеу, сақтау, пайдалану, беру, жою кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерін белгілейді. 2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді: 1) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңына; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|