Әскери қызметтен босатылған, жиырма бес және одан көп жыл еңбек сіңірген адамдарға санаторийлік-курорттық емделу ұсынылатын аурулардың тізбесін бекіту туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Әскери қызметтен босатылған, жиырма бес және одан көп жыл еңбек сіңірген адамдарға санаторийлік-курорттық емделу ұсынылатын аурулардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы «__» ______
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 2022 жылғы «__» ______
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі 2022 жылғы «__» ______
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2022 жылғы «__» _______
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы «__» _______
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2022 жылғы «__» _______ Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|