«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 226 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау және қамтамасыз ету, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеяларын көпшілікке тарату жөніндегі бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілету қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiмен (бұдан әрі - Министрлік) бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) республикалық бюджет қаражаты есебінен 126 250 000 (бір жүз жиырма алты миллион екі жүз елу мың) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды; 2) қоғамның жарғысын бекітуді; 3) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 4) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Министрлікке беруді; 5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|