«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібінде: 11-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын: «Бюджеттік инвестициялар және бюджеттік кредиттер тәсілімен қаржыландырылатын, осы Ерекше тәртіп шеңберінде республикалық бюджетте көзделген шығыстар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстары бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарларында көзделеді және тиісті сараптамалар жүргізілмей бөлінеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы шығыстар бойынша төлемдерді бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті корпоративтік шешімдері негізінде қаржы-экономикалық негіздемені және мемлекеттік инвестициялық ұсынысты ұсынбай жүргізеді.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|