Сот үкімі туралы (2020.11.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Сот үкімі - қылмыстық іс бойынша бүкіл іс жүргізудің қорытындысы шығарылатын құқық қолданудың аса маңызды актісі болып табылады. Сот практикасын жетілдіру, орын алған кемшіліктерді жою және үкімдердің сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді: 1. Заңға сәйкес үкім - Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі - Конституция) 77-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 2-тарауында көрсетілген сот төрелігі қағидаттарын сақтай отырып, сотталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі және оған қатысты қылмыстық жазаны қолдану немесе қолданбау мәселесі бойынша бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысында қылмыстық іс бойынша Қазақстан Республикасының атынан шығарған шешімі. ҚПК-нің 431-бабы бірінші бөлігінің 4), 5) тармақтарында көзделген шешімдерді қабылдаған кезде апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің (қаулысының) күшін жою туралы шешім шығарады, одан кейін ҚПК-нің 46-тарауының талаптарын сақтай отырып, жаңа үкім шығарады. Үкім барлық мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәріне бірдей міндетті және бұлжытпай орындауға жатады. Үкімнің мемлекеттің атынан шығарылуы, маңыздылығы судьялардан оның заңды және негізді болуы үшін ерекше жауапкершілік сезінуді талап етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|