Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау Қызметі туралы Ережесін бекіту жөнінде
Ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге байланысты, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау Қызметі туралы Ережесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кейбір бұйрықтары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын. 3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, ведомстваларының, мекемелерінің және білім ұйымдарының қызметкерлері таныстырылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 129 бұйрығына 1-қосымша
Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау Қызметі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау Қызметі (бұдан әрі - Қызмет) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі - Бас прокуратура) дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2. Қызметтің құзыреті, жұмыс тәртібі және оны ұйымдастыру «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және өзге заңдармен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі - Бас Прокурор) нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен реттеледі. 3. Қызметтің құрылымы және штаттық саны Бас Прокурормен заңмен көзделген тәртіпте бекітіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|