«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) жер ресурстарын басқару, суармалы егіншілік және агромелиорация саласындағы басшылықты жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы 62-1), 62-2), және 62-3) тармақшалармен толықтырылсын: «62-1) республикалық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындайды; 62-2) республикалық мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітеді; 62-3) республикалық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;»; мынадай мазмұндағы 84-1), 84-2), 84-3), 84-4), 84-5), 84-6), 84-7), 84-8), 84-9), 84-10), 84-11), 84-12), 84-13) және 84-14) тармақшалармен толықтырылсын: «84-1) топырақты агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 84-2) Қазақстан Республикасында суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі мен оны бағалауды және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мелиорациялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін мемлекеттік жүргізу қағидалары мен тәртібін әзірлейді және бекітеді; 84-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзiрлейдi және бекітеді; 84-4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|