Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім (Астана қ., 2003 ж. 3 маусымда)
Осы редакция 2009 жылғы 16 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2003 ж. 25 сәуірдегі № 405 Қаулысымен осы келісімге қол қоюға берiлдi
Бұдан әрi «Тараптар» деп аталатын, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі, Тараптар мемлекеттерi арасындағы білім беру саласындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрi дамыту мақсатында, бірлескен ғылыми зерттеулердің деңгейi мен тиiмділігiн одан әрi арттыруға, теңдiк, өзара пайдалы және тиiмділік қағидаттары негiзiнде Тараптар мемлекеттерi арасында білім беру саласындағы алмасуды кеңейтуге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келiстi:
Тараптар мына салаларда ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады: білім беру жүйесi мен білім беру саласында жүргiзiлiп жатқан реформалар туралы ақпаратпен, оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк материалдармен алмасу; студенттермен, оқытушылармен, аспиранттармен және тағылымдамашылармен алмасу; Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттік тiлдерiн үйрену мен таратуға жәрдемдесу. Тараптар жыл сайын баламалы негiзде студенттермен, аспиранттармен және тағылымдамашылармен алмасатын болады. Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысында жыл сайын білім алатын бір тарап студенттерiнiң, аспиранттары мен тағылымдамашыларының жалпы саны 20 адамнан аспайды. Қажет болған жағдайда өзара уағдаластық негiзiнде Тараптар бұл санды көбейтуiне болады. Тағылымдамашыларды оқыту мерзiмi - алты айдан екi жылға дейiн. Студенттер мен аспиранттардың оқу мерзiмiн қабылдаушы Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес қабылдаушы Тарап белгiлейдi. Жiберушi тарап жiберушi Тарап мемлекетi студенттерiнiң, аспиранттары мен тағылымдамашыларының кіру визаларын ресiмдеу, оқу немесе тағылымдама өту орнына дейiнгi және керi бағыттағы жол шығыстарын төлейдi. Қабылдаушы Тарап студенттердi, аспиранттар мен тағылымдамашыларды оқу, оқу құралдарын пайдалану мен жатақханада тұруы үшiн төлемнен босатады және оларға стипендия төлейдi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|