Қостанай қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365 – бабы 4-тармағының 6) тармақшасына, «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілген Қостанай қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы алғашқы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 5 наурыздағы № 466 қаулысына қосымша
Қостанай қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 - бабы 4-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығымен бекітілген коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін айқындайды. 2. Коммуналдық қалдықтар деп мынадай тұтыну қалдықтары түсініледі: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|