|
|
|
26.05.2024 Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар туралы
АПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың соттылығына жатады, өйткені оның тараптары заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар болып табылады. АПК-нің 30-бабының 6-бөлігіне сәйкес орындалатын орны көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттардан туындайтын талап қоюлар шарттың орындалатын орны бойынша да берілуі мүмкін. АПК-нің 31-бабында айрықша соттылық негіздері қамтылған. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген мемлекеттік сатып алуды реттеу саласындағы Заңның маңызды жаңалығы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастырудың жаңа тәртібін белгілейтін норма болып табылады. Мәселен, Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес 12-баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың, атап айтқанда оларды жеңімпаз деп танығаннан кейін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған өнім берушілердің тізілімі уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімінің негізінде қалыптастырылады. Заңның 12-бабы 4-тармағының 1), 3) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады. Заңның 44-бабының 1-тармағында егер жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты ұсынбаған немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, Заңның 26-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) соманы енгізбеген жағдайда, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылатыны көзделген. Осылайша жеңімпаздар деп айқындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер уәкілетті органның шешімі негізінде тізілімге енгізіледі. Сонымен бірге практикада тапсырыс беруші Заңның 12-бабының 5-тармағын бұза отырып, талап қою ведомстволығына жатпаса да, өнім берушінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуді белгіленген мерзімде енгізбеуіне байланысты оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін талап қойып сотқа жүгінетін жағдайлар кездеседі. Шарт жасасудан жалтарған кезде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу сот шешімінің негізінде емес (сотқа ведомстволық бағынысты емес ретінде) уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізілетінін түсіндіріп, мұндай талап қою арыздары қабылдау сатысында АПК-нің 151-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес бас тартуға жататынына соттардың назарын аудару қажет. Бұл ретте соттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен реттелетін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың негізінде туындайтын дауларды сатып алу жалпы негіздерде жүзеге асырылған даулардан ажыратқаны жөн. Заңның 12-бабының 5-тармағымен енгізілген, 12-баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың, атап айтқанда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған өнім берушілердің тізілімі уәкілетті орган шешімінің негізінде қалыптастырылатыны жөніндегі талап ерекше тәртіп қолданылып, мемлекеттік сатып алу шеңберінде туындайтын дауларға қолданылмайды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу веб-портал арқылы қабылданатын уәкілетті орган шешімінің негізінде автоматты түрде жүргізіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының ( бұдан әрі -Қағидалар) 4-тарауының 10-тармағында конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурстық құжаттаманың мәтіндерін конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарламаны (бұдан әрі - хабарлама), конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашудың қол қойылған хаттамаларын, конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы, жіберу туралы және конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаларды тапсырыс берушілердің интернет-ресурсында және мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі - веб-портал) орналастырмай жүзеге асырылатыны көзделген Яғни, мемлекеттік сатып алу веб-порталында ерекше тәртіпті қолдана отырып өткізілген конкурс бойынша деректер жоқ. Қағидалардың 52-тармағында, егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты ұсынбаған жағдайда, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылатыны көзделген. Қағидалардың 53-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінеді. Осылайша, егер мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс жоғарыда аталған Қағидаларға сәйкес ерекше тәртіп қолданыла отырып жүргізілсе, онда Заңның 44-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер сот шешімінің негізінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуге жатады. Баяндалғанды ескере отырып, қазіргі кезде жосықсыз қатысушылар тізіліміне ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілерді енгізу үшін негіздерге қатысты Заңның 12-бабы 5-тармағының ережелерін заңнамалық тәртіппен нақтылау не Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына толықтыру енгізу арқылы осы ережелерді түсіндіру қажеттігі туындады.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Г.О. Ондасынова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |