|
|
|
25.01.2023 Есірткі заттарының қоғамға қауіптілігі
Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мелмекеттік тіліміз –қазақ тілі. Басты байлығымыз –халық. Халқымызды, болашақ ұрпағымызды есірткі, психотроптық заттардан қалай қорғаймыз. Есірткінің зияны мен қауіптілігін ұрпағымызға қалай түсіндіреміз. Есірткіні таратудың күннен күнге жана әдістері тарауда. Оның ішінде интернет жүйесі арқылы. Жастардың оңай жолмен ақша табу мақсаттарын көздеген есірткі сатушылар, оларды интернет жүйесі арқылы жұмысқа тартады. Тасымалдаушы, жеткізуші қызметіне жұмысқа шақырып, оларға күніне ақша төлейтіндеріне жарнама жасап оңай мақсаттарын жүзеге асыруда. Есірткінің аса ірі мөлшерде тасымалдып, қара тордың ар жағына қамалып жатқандар да жетерлік. Жауаптары білмедік, түсінбедік. Халқылымыздың заңнан хабары жоқтығы тағы бар. Осы арада халыққа оңай жолмен ақша табу кейін оның бостандығынан айырылудың бірден бір кепілі екенін түсіндіру қажет. Түсіндіру жұмыстарын мектептерден бастаған дұрыс сияқты. Себебі балалар интернетте көп отырады. Ата аналары жұмыста, балалар интернеттен көп нәрсені қарайды. Оған шектеу қойып жатқан ата ана жоқ. Кейбір ата-аналардың өзі жұмыс іздеуде осы ілікке жолығуда. Түсіндірме жұмыстарын мектептерде неғұрлым жиі өткізіп балалардың заңға деген сауаттылығын жай сөзбен жеткізген дұрыс деп ойлаймын. Есірткіні қолдануда, тасымалдау да, сақтау мен жеткізу де заңмен жазаланады. Оның мөлшеріне қарай жазаның ауырлығы да анықталмақ. Есірткінің қоғамдағы рөлі өте қауіпті, оны түбегейлі жою үшін де біршама жұмыстар атқарылуы тиіс. Сондықтан ұрпағамыздың болашағы үшін, халқымыз үшін есірткіні таратуға жол бермеуіміз керек
Сот мәжілісінің хатшысы А.Қоханова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |