«Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 06-400 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабының 7) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қазандағы «Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 28 қарашада № 855 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 139 «Вечерняя Астана» және 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 140 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) № 112-1773 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. «Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Маржикпаев Берік Борамбайұлына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлына жүктелсін. 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 112-1701 қаулысымен бекітілген қосымша
«Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы»
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|