ҚАРУ САУДАСЫ ТУРАЛЫ ШАРТ (Нью-Йорк қ., 2013 жылғы 2 сәуірде)
ҚР 2017 жылғы 31 қазандағы № 104-VІ Заңымен ратификацияланды 2018 жылғы 8 наурызда күшіне енді
Кіріспе Осы Шартқа қатысушы мемлекеттер, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қарулану ісі үшін әлемдік адам ресурстарын және экономикалық ресурстарды мейлінше аз тартумен, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнатуға және қолдауға жәрдемдесуге бағытталған Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 26-бабына сілтеме жасай отырып, кәдімгі қару-жарақтың заңсыз саудасын болғызбау және жою және оларды заңсыз нарыққа немесе санкцияланбаған түпкілікті пайдалану мақсатында және уәкілетті емес түпкілікті пайдаланушыларға, оның ішінде террористік актілерді жасау үшін қайта бағытталуын болғызбау қажеттілігін атап өте отырып, мемлекеттердің кәдімгі қару-жарақтың халықаралық саудасы саласындағы заңды саяси, экономикалық, коммерциялық мүдделері мен қауіпсіздігі мүдделерін тани отырып, мемлекеттердің өз құқықтық немесе конституциялық жүйесі шеңберінде кәдімгі қару-жарақты тек өз аумағы шегінде реттеуге және бақылауға егеменді құқығын растай отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздік, даму және адам құқықтары Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесі қызметінің негізгі үш саласын және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін негізді құрайтынын атап көрсете отырып және даму, бейбітшілік пен қауіпсіздік және адам құқықтары өзара байланысты екенін және бірін-бірі нығайтатынын мойындай отырып, Бас Ассамблеяның 1991 жылғы 6 желтоқсандағы 46/36 Н қарарының мән-мәтініндегі қаруды халықаралық берулерге қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарусыздандыру жөніндегі комиссиясының басшылық қағидаттарына сілтеме жасай отырып, Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|