Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 580 бұйрығына 24-қосымша
Жылу электр станцияларындағы энергияны үнемдеу іс-шараларының экономикалық тиімділігін экспресс-бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (2025.16.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2025.27.02. № 103-н/қ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы Жылу электр станцияларындағы энергияны үнемдеу іс-шараларының экономикалық тиімділігін экспресс-бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулар) «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес әзірленген, жылу электр станцияларында жүргізілетін энергия үнемдеу іс-шараларының тиімділігін анықтау бойынша экспресс-бағалау есептеулерін жүргізудің бірыңғай қағидаттары мен тәртібін белгілейді. 2. Әдістемелік нұсқаулар экспресс-бағалау есептерінің жолымен неғұрлым тиімді іс-шараларды іріктеу негізінде отын-энергетика ресурстарын үнемдеу әдістерін анықтайды. 3. Әдістемелік нұсқаулар дәлме дәлдіктің жеткілікті дәрежесі бар егжей-тегжейлі есептеулер жүргізбей, болжамды барлық іс-шаралардың құрамынан анағұрлым тиімділерін анықтауға мүмкіндік береді. 4. Әдістемелік нұсқауларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) қарапайым өлшемшарттар - уақыт факторы ескерілмеген өлшемшарттар; 2) интегралдық өлшемшарттар - дисконттауды қолдану арқылы есептелетін өлшемшарттар; 3) өтелу мерзімі - іс-шараға салынған капитал салымдарын қайтару жылдамдығы; 4) дисконттау - белгілі бір уақыт сәтіне барлық төлемдердіғ құнын келтіру жолымен ағша ағынының құнын айқындау; 5) дисконт нормасы - салынған қаражатқа кірістіліктің инвестор талап ететін нормасы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|