Алматы қаласы әкімдігінің 2018.08.01. № 1/5 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылды; Алматы қаласы әкімдігінің 2018.13.08. № 3/388 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.23.10. № 4/587 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакция Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 4/646 Қаулысымен бекітілді
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 3/353 Қаулысымен күші жойылды
«Азаматтық хал актілері жазбаларын жою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: азаматтық хал акті жазбасының күшін мүдделі тараптардың өтініші бойынша, сондай-ақ сот шешімі негізінде жойған кезде - азаматтық хал акті жазбасының күшін жою туралы тіркеуші органның жауабы; әке болуды анықтау, бала асырап алу (алғашқы қалыптастырылған жеке сәйкестендіру нөмірін қалпына келтірумен), атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы жазбалардың күшін жойған кезде - бастапқы деректермен қайталама туу туралы куәлік, қажет болған жағдайда, туу туралы анықтама; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|