Шымкент қаласының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 2849 Қаулысымен күші жойылды
«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 3-тармағының 7-1) тармақшасы және 62 бабының 6 тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Шымкент қаласының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|