Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 580 бұйрығына 24-қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жылу электр станцияларындағы энергияны үнемдеу іс-шараларының экономикалық тиімділігін экспресс-бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
1. Осы Жылу электр станцияларындағы энергияны үнемдеу іс-шараларының экономикалық тиімділігін экспресс-бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленген, жылу электр станцияларында жүргізілетін энергия үнемдеу іс-шараларының тиімділігін анықтау бойынша экспресс-бағалау есептеулерін жүргізудің бірыңғай қағидаттары мен тәртібін белгілейді. 2. Әдістемелік нұсқаулар экспресс-бағалау есептерінің жолымен неғұрлым тиімді іс-шараларды іріктеу негізінде отын-энергетика ресурстарын үнемдеу әдістерін анықтайды. 3. Әдістемелік нұсқаулар дәлме дәлдіктің жеткілікті дәрежесі бар егжей-тегжейлі есептеулер жүргізбей, болжамды барлық іс-шаралардың құрамынан анағұрлым тиімділерін анықтауға мүмкіндік береді. 4. Әдістемелік нұсқауларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) қарапайым өлшемшарттар - уақыт факторы ескерілмеген өлшемшарттар; 2) интегралдық өлшемшарттар - дисконттауды қолдану арқылы есептелетін өлшемшарттар; 3) өтелу мерзімі - іс-шараға салынған капитал салымдарын қайтару жылдамдығы; 4) дисконттау - белгілі бір уақыт сәтіне барлық төлемдердіғ құнын келтіру жолымен ағша ағынының құнын айқындау; 5) дисконт нормасы - салынған қаражатқа кірістіліктің инвестор талап ететін нормасы. Осы Әдістемелік нұсқауларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Жылу электр станцияларындағы энергия үнемдеу іс-шаралары тиімділігінің өлшемшарттары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|