Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы (2021.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2021.12.11. № 811 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2020.16.09. № 588 Қаулысымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.11. № 811 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері: күнтізбелік 90 күнге дейін – 12 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; күнтізбелік 180 күнге дейін – 24 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; күнтізбелік 270 күнге дейін – 36 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; күнтізбелік 365 күнге дейін – 48 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленетін маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері алымдарды төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне байланысты осы қаулыға қосымшаға сәйкес мөлшерлерде белгіленсін. 2. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 44, 265-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|