Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бөлімшелерінде № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыттың жобалық топтарын құру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аппарат басшысының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 158 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 56-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бөлімшелерінде № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын (бұдан әрі - ТБН № 4) іске асыру бойынша мынадай жобалық топтары құрылсын: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» жобалық тобы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою» жобалық тобы; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» жобалық тобы; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» жобалық тобы. 2. ТБН № 4 жобалық топтарына басшылық жасау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне (А. Кинжебаева) жүктелсін. 3. Жоғарыда көрсетілген жобалық топтардың басшылары ай сайынғы негізде есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне есептік ақпаратты ұсына отырып, осы бұйрық шеңберінде жұмысты ұйымдастыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Э. Төлеков) жобалық топтарға жобалық басқаруды жүзеге асыру және «EasyProject» ақпараттық жүйесін толтыру бойынша жәрдем көрсетсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|