«Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12780 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 293-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1-тармақ мынадай редакицяда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|