Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021 - 2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021 - 2023 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін. 2. Жол картасын орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша): 1) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі есепті жылдан кейінгі 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін. 4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 112-ө өкімімен бекітілген
Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021 - 2023 жылдарға арналған
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|